393-91-01
393-90-91

«Алмалы» — новый жилой район
Открыты продажи первой очереди!

«Алау» мұз Сарайы «Барыс Астана» мұз Сарайы «Сарыарқа» велотрегі «Астана Арена» спорт кешені ЕХРО көрме кешені Назарбаев Университет
Егжей-тегжейлі карта

ОРНАЛАСУЫ

"Ақ Дидар" тұрғын ауданы Хұсейн бен Талал және Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің арасында, "Барыс Арена" мұз сарайының батыс тұсында орналасқан.

Жаңа тұрғын ауданның аса оңтайлы орналасуы, астананың негізгі спорттық және мәдени доминанттарына жақын жатуы «Ақ-Дидарды» ең танымал әрі өмір сүруге қолайлы жер ете түседі!

Қазақстанның үздік спорт сарайларының ортасында!

«Ақ-Дидар» тұрғын ауданының жанында бүгінде бүкіл қазақстандықтардың сүйіктісі «Барыс» хоккей клубының аренасына айналған керемет мұз сарайы «Барыс Арена» орын тепкен. Мұнда балалардың дені сау, мықты және спортқа әуес болып өсуіне керекті жағдайдың барлығы жасалған!

Тұрғын үй кешенінен бірер минуттық жерде барлық маусымға арналған үлкен мұз айдыны бар «Алау» мұз сарайы, «Астана Арена» спорт кешені мен сан алуан спорт түріне арналған спорт залдары бар «Сарыарқа» республикалық велотрегі тұр.

Мұнда кемеңгерлер өмірге келіп, таланттар өсуде!

Үйіңізден бірер қадам жерде Назарбаев Университет, бірнеше жалпы білім беру мектебі мен балабақшалар орналасқан. Балаларыңыз ең үздік білім алатын болады!

«Ақ-Дидар» тұрғын ауданына жақын маңда Орта Азиядағы ең үздік Ұлттық хореография академиясы салынған! Әлемнің әр түкпірінен келген таңдаулы мұғалімдер мұнда ең зерек те дарынды балаларды тәрбиелеуде. Олардың келешекте әлемдік сахна жұлдыздары болатыны сөзсіз!

Уақиғалардың ортасында өмір сүріп, таза ауада қыдырыңыз!

Үйіңізден бірнеше минуттық жерде ЕХРО көрме кешені тұр. Оның аумағында MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығы, жайлы мейрамханалар мен кофеханалар, демалыс пен ойын-сауық орталықтары орналасқан.

Келешекте ЕХРО көрме кешенінен астананың әкімшілік орталығына дейін созылатын жаңа ботаникалық бақ пен субұрқақтар аллеясы бүкіл отбасымен серуендейтін сүйікті орынға айналады. Ал аттракциондар паркі балалар мен жасөспірімдердің қалаулы орыны болады.

Тұрғын үй кешенінің 1-ші кезегі құрылысының аяқталу мерзімі - 2018 жылдың маусым айы.

Printing error